Кемал Йолдаш – құранит, шайтанның құлы Печать
Автор: Administrator   
20.04.2025 21:15

Кемал Йолдаш – құранит, шайтанның құлы

(https://youtu.be/xCexArE47tU – дәлелдері бар сілтеме)

(https://www.youtube.com/watch?v=3xLo-wsEPTw – дәлелдері бар сілтеме)

Барлығыңа тағы да ескерткім келеді! Соңғы кезде интернетте сектант және құранит шайтанының құлы Кемал Йолдаш есімді адам белсенділік танытып жатыр. Бейнебаянның соңында оның ессіздігі туралы видео бар. Исламның барлық бес тіректерін толығымен жоққа шығарып, Құранда ол туралы бірде-бір сөз жоқ дейді. Ол «Салят» сөзінің намаз емес екенін, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан намаз оқымағанын, сүннеттіде, ешбір хадистіде қабылдамайтынын, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнуды жоққа шығаратынын алға тартады. Ол намаздың пұтқа табынушы зороастризмнің қалдығы екенін айтады. Құранда қажылық пен умра жоқ екенін, қажылық пен умраның таза арабтардың бизнесі екенін айтады. Сондай-ақ Құранды өз әдісімен аударып жатқанын айтады. Айта берсе адасушылығы өте көп. Оның бос сөздерін сауатсыз мұсылмандар тыңдап, басқаларға таратады. Өйткені ол арабша сөйлеп, Құраннан араб тілінде үзінді келтіреді. Сондықтан сауатсыз адамдар оны діни сауатты адам екен деп есептейді. Құраниттер соншалықты сауатсыз деп ойламаппын. Осылай айтқан адам, біз білетіндей, Исламнан баяғыда шығып кетуі керек еді. Мен оның мұсылман екеніне сене алар емеспін. Бәлкім, Алланың дұшпандары қаржыландырып жатқан шығар. Өйткені оның аузымен ібілістің өзі сөйлейді! Ол хадистерді елемей, аяттарды шайтан айтқандай түсіндіреді. Ол мұсылмандар арасында шайтанның рөлін атқаруда. Сондықтан шайтанның мына құлынан сақ болыңдар. Шамасы, шайтан оның бетіне зәр шығарып қана қоймай, Құран оқып, одан ештеңе түсінбеу үшін нәжісін екі көзіне жағып тастаған шығар деп ойлаймын.