Тауассул неге ширкпен байланысты?! |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
28.06.2025 17:03 |
Тауассул неге ширкпен байланысты?!
Сопылар тәуассулды посредниктер арқылы Аллаһқа дұғасын жеткізу деп айтады. Мен сопылардың Ислам келгенге дейінде болғанын бірнеше рет айттым. Содан кейін олар аман қалу үшін Исламға үнсіз қосылып, шариғаттың көптеген ережелерін өздеріне сәйкес өзгертуге тырысуда. Сол себепті тауассулды қорғау үшін көптеген жалған хадистерді ойлап тапты. Сондықтан олар өлілерге табынып, олардан шапағат, көмек сұрайды. Олар тіпті көптеген аяттардың тәпсірін өздеріне лайықтап өзгертті. Мысалы, мына аяттардың бірінде былай айтылған: «Әй, иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар, Оған жақындаудың жолын іздеңдер және Оның жолында соғысыңдар» (5:35). Сопылар «уәсила», яғни жақындаудың жолы деген сөзді белгілі бір адамдар мен амалдар арқылы Аллаһқа жақындаудың мүмкіндігі деп өтірік айтады. Бұл қателесу болып табылады! «Уәсила» сөзі Құдайға ұнайтын істер істеу, басқаларға жақсылық жасау арқылы Аллаға жақындау дегенді білдіреді. Көріп отырғаныңыздай, адамдардың, әулиелердің, пірлердің бұған ешқандайда қатысы жоқ. Сондай-ақ сопылар тәуассулды қорғаған шайтанның азғыруына сүйене отырып, бұл мына аятты теріс түсіндіреді: «Егер олар өздеріне, не өзгеге зұлымдық жасап, саған келіп, Алладан кешірім сұраса және Елші олар үшін кешірім сұраса, олар Алланы тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді деп тапқан болар еді» (4:64). Бұл аятта Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар үшін кешірім сұрауға рұқсат етілген. Бұл аятта өлі емес, тірі Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғана айтылады және әулиелер мен пірлер туралы бірде-бір сөз жоқ. Бұл жерде Аллаһ адам күнә жасаса да кешірім сұрауға болатынын үйретеді. Аллаһ: «Біз оған күре тамырынан да жақынбыз» (Қаф, 16) дейді. Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай дейді: «Құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен жақынмын, Мен шақырушының дұғасына жауап беремін» (2:186). Ал сопылар пірдің немесе әулиенің кереметтігінің арқасында ғана Аллаһқа жақындай аламыз, осылайша дұға мен өтініштеріміз Аллаға тезірек жетеді деп ойлап, шайтанның зомбиы болып қалған. Кімге сенуіміз керек – Аллаға ма, әлде сопыларға ма? Әрине, Аллаһқа! Өйткені Аллаһ Тағала барлығын көруші, естуші, білуші. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, сен Естуші, Жақынға жалбарынасың, Ол сенімен бірге», - деді. Аллаһ: «Оған ұқсайтын еш нәрсе жоқ, Ол – Естуші, Көруші!» (42:11) деді. Сондай-ақ Алла Тағала: « Олар өздеріне жалбарынғандардың өздері Раббыларына жақындауды іздейді, басқалардан озып кетуге тырысады. » (17:57) дейді. Кез келген адам посредниксіз тікелей Жаратушысына хабарласа алады. Бұл жайында Алла Тағала: «Ең көркем есімдер Аллаға тән, сондықтан Оған олармен дұға етіңдер» (7:180) дейді. Барша сопыларды шайтан зомби қылып тастаған. Сонлықтан олар пірлері өлім алдында, қабірде және қиямет күні олар үшін шапағат ететініне сенімді. Алла Тағала: «Олар Алланы қойып, өздеріне зиян да, пайда да келтірмейтін нәрселерге құлшылық етеді, олар: «Олар Алланың қасында біздің шапағатшыларымыз», - дейді» (10:18). Алланың рұқсатынсыз ешкім шапағат ете алмайды. Бұл туралы «Әл-Курси» аятында: «Оның рұқсатынсыз Оның қасында кім шапағатшы болады?» - делінген. Сондай-ақ «Фатиха» сүресін есте сақтаңыз: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана жәрдем тілейміз». Көріп отырғаныңыздай, сопылық тауассул – шайтанның жолы, ширк жолы. Посредник іздеудің қажеті жоқ, тек тура Алла Тағалаға әрқашан тікелей хабарласу керек! Ол әрқашан сізбен бірге, бәрін алдын ала біледі, бәрін естиді және бәрін көреді!
Қорытындылай келе, бүкіл әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға ғана мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам. |